Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 924 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2015 жылғы № 3-3/397 Бұйрығын қараңыз
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) сүтті ірі қара мал шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
2) етті ірі қара мал шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
3) биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
4) жылқы шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
5) шошқа шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
6) түйе шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
7) марал (бұғы) шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
8) құс шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
9) ара шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
10) балық шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
11) асыл тұқымды орталықтардағы және асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөніндегі дистибьютерлік орталықтардағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 9 шілдедегі
 № 924 қаулысымен
 бекітілген
Сүтті ірі қара мал шаруашылығындағы асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандары
 
1-нысан Асыл тұқымды бұқаның карточкасы
2-нысан Асыл тұқымды сиырдың карточкасы
3-нысан Сиырларды ұрықтандыруды және олардың төлдеуін есепке алу журналы
4-нысан Асыл тұқымды төлді өсіруді есепке алу журналы
5-нысан Сиырлардың сүтті және сүтті-етті бағыттағы өнімділігінің бағалау ведомосі
6-нысан Сиырлардың сүт беру және сүт өнімділігін бақылау журналы
7-нысан Сүтті және сүтті-етті өнімділік бағытындағы ірі қара малды селекциялық-асылдандыру жұмысының жиынтық ведомосі
Полная версия
ИС BestProfi