Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1672 Қаулысы
Осы редакция 31.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 26 қазандағы
 N 1672 қаулысымен
 бекітілген
"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын
 қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және
 нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет
 көрсету стандарты
1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін  бұдан әрі - МНТБ) беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттерде тіркелген және 2 айдан артық мерзімге Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарын қоса алғанда, көлік құралдары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ең жоғарғы шекті уақыт: 6 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 40 минуттан аспайды;
құжаттарды алу кезінде кезек күтудің уақыты ең жоғарғы шекті уақыты: 30 минуттан аспайды.
Полная версия
ИС BestProfi