«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 588 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 588 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберілген ауыл шаруашылығы шикізатын - мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтарға (бұдан әрі - машиналар мен жабдықтар) қолданылады.
2. Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптары таралатын машиналар мен жабдықтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
3. Осы Техникалық регламент машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ мынадай қауіпті факторларға негізделген қатерлерге сәйкес олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді:
1) механикалық қауіптер;
2) электрлік қауіптер;
3) өрт қауіптілігі;
4) жарылыс қауіптілігі;
5) шу;
6) діріл;
7) зиянды заттар мен материалдардың бөлінуі;
8) сәулелену;
Полная версия