Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 08.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 125 Қаулысы
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 ақпандағы
 N 125 қаулысымен
 бекітілген
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі
1. Осы Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - өндіріс объектілері) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
2. Есептік нөмірлер беруге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілері жатады.
Полная версия
ИС BestProfi