Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 669 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (22.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 22.02.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 25  қаулысымен  мақұлданған Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейiн дамытудың тұжырымдамасының негiзгi бағыттары мен ережелерiн тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi -  Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдары Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын жарты жылдық пен жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 18 маусымдағы
 N 669 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының газ саласын  
  дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған  
  Бағдарламасы 
Бағдарламаның           Қазақстан Республикасының газ саласын 
атауы                   дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған 
                 бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).
Бағдарламаны әзiрлеу    Қазақстан Республикасының Энергетика және 
үшiн негіздеме          минералдық ресурстар министрлігі әзiрлеген 
                 және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 
Полная версия
ИС BestProfi