Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет керсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 197 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 25 сәуірдегі
 № 440 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасының талаптарына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаларға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру тәртібін (бұдан әрі - Сертификат) белгілейді.
3. Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
4. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы Сертификат қолданылу аясы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі. Қолданылу мерзімі өткен соң Сертификат жарамсыз деп есептеледі.
5. Сертификаттауды, Сертификаттар беруді, оларды есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Сертификатталған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді.
7. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім - өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттау рәсімін өту үшін берген жазбаша өтініші;
2) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның Сертификатын алу үшін өтініш жасаған заңды тұлға;
3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
Полная версия
ИС BestProfi