Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.09.2017
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 449 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2017 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына  мыналар енгізілсін:
Қырықбаев             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және  
Арман Оразбайұлы        ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қалимова              - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Венера Қамысбайқызы     Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары
Денисенко             - теріс пиғылды діни ағымдардан зардап
Юлия Олеговна           шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығының директоры (келісім 
                                  бойынша);
«Сәкенов              - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Қайыргелді Әнуарбекұлы  қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің 
                                        бастығы (келісім бойынша)»       

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәкенов             - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға
Қайыргелді Әнуарбекұлы көмекшісі (келісім бойынша)»;
көрсетілген құрамнан Әмірхан Тапашұлы Аманбаев, Болат Талапұлы Берсебаев, Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбеков, Мұрат Тайкелтірұлы Мыңбаев, Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi