Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2007
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 794 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 қаулысына:
"Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
Экономикалық саясат басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазыбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия және Айдар Қалымтайұлы сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінің төрағасы, комиссия хатшысы
Манақбай - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Толымбек акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан: Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Мисников Владимир Андреевич, Ибадуллаев Азамат Амалұлы шығарылсын;
2) "Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 143-құжат):
Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін:
Қазыбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия және Айдар Қалымтайұлы сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінің төрағасы;
көрсетілген құрамнан Мисников Владимир Андреевич шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия