Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.04.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 нормативтік қаулысы
Тақырыбы мен кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен. (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
Қылмыстардан жәбiрленген адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн заңды соттардың қолдану практикасын талқылап және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Соттардың назары олардың Конституция кепiлдiк жасаған жәбiрленушінің жеке басына, оның саяси, еңбек, тұрғын үй және басқа жеке және мүлiктiк құқығы мен мүдделерiне қоғамға қауiптi қол сұғушылықтарды қарау жөнiндегi қызметтерiнде жәбiрленушiлердiң құқықтық қорғауын қамтамасыз ету деңгейiн төмендететiн түйiндi кемшiлiктер бар екенiне аударылсын. 
2. Соттар жәбiрленушiлердiң оларға жүктелген, шақыру бойынша келу және шындықты айтып жауап беру мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қатал және дәйектiлiкпен сақтау iс бойынша шындықты анықтауға және заңды, дәлелдi әдiл шешiм қабылдауға көмектесетінін ескерулерi қажет. 
3. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүлiктік зиян оған тiкелей келтiрiлген әрбiр адам, қылмыс жасаған адамның анықталғанына, оның жауапқа тартылғанына байланыссыз жәбiрленушi болып, танылады. Аяқталмаған қылмыстық әрекеттер жөнiндегi iстер бойынша (қылмысқа даярланғандық, қылмыс жасауға оқталғандық) жәбiрленушi болып оған моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян нақты келтiрiлгенде ғана танылады. 
Егер моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян адамның зиянды келтiруге өзiнiң ерiктi келiсiмiнiң (мысалы, криминалдық абортпен байланысты, пара беру ж.б.) салдарынан пайда болған болса, оны жәбiрленушi деп тануға болмайды. 
Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда заңды тұлғаның өкілі жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен. (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қоғамға қауiптi iс-әрекетпен зиян келтiрiлген адам тек оны жәбiрленушi, азаматтық талапкер деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана тиiстi процессуалдық хұқықтарға ие болады және оған заңмен белгiленген мiндеттер жүктеледi. Сондықтан қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн адамды жәбiрленушi деп тану, оған толық және уақтылы iске асыру мақсатында құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде, білікті заң көмегін алу, ал ҚІЖК-нің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда оны тегін алу құқығын түсiндiру, дереу жүргiзiлуi керек. 
Адамды жәбiрленуші деп тану туралы қаулыда оған қандай зиян келтiрiлгенi көрсетiлуi керек, зиянның бiрнеше түрi келтiрiлгенде, бұл жағдай қаулыда (ұйғарымда) бейнеленуi қажет. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 № 3, 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулыларымен (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4-1. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген түрін жүзеге асыру кезінде, оған моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілгені туралы факт анықталғаннан кейін адам дереу жәбірленуші деп танылады.
4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
5. Материалдық залалды, оның iшiнде асыраушысынан айырылумен байланысты, зақымдану немесе денсаулығына басқа жарақаттар түсiрумен байланысты келтiрiлген, жерлеуге жұмсалған шығындар туралы, моральдық зиянды ақшалай толықтыру туралы т.б. залалды өтеу туралы талап қойған жәбiрленушi адам азаматтық талапкер болып та танылуы керек. 
Иеленушiсінде (жалға алушы, сақтаушы ж.б.) заңды негiзде тұрған материалдық құндылықтарды ұрлаған, зақымдаған немесе жойған жағдайда азаматтық талапты осы құндылықтың иесi де, иеленушiсi де беруге құқықты. 
Азаматтық талапкер болып танылған жәбiрленушi, iсте прокурордың қатысуына байланыссыз, талапкер қатарында соттағы жарыссөздерге қатысуға құқықты.
5-1. Егер мүліктік зиян аса ауыр қылмыс жасау нәтижесінде келтірілсе және сотталғанда оны өтеу үшін жеткілікті мүлік болмаса, сот азаматтық талапты қанағаттандыру кезінде, жәбірленушілердің немесе оның құқықтық мирасқорларының өтініші бойынша ҚІЖК-нің 75-бабының 7-бөлігіне сәйкес олардың әрқайсысына республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, ақшалай өтемақыны төлеу туралы қаулы шығаруға тиіс. Соттың аталған қаулысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіпте еріксіз орындалуға жатады.
5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
6. Нәтижесi адамның өлiмiмен аяқталған қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша заңда көрсетiлген жәбiрленушінің құқықтарына оның жақын туысқандары, бала ғып алушылар, бала болушылар ие болады, олардың iшiнен бiреуi өзара келiсiмдерi бойынша жәбiрленушi деп танылады. Егер жәбiрленушінің құқықтарын жоғарыда көрсетiлген адамдардың бiрнешеуi талап етсе, оларды да жәбiрленушi деп тануға болады. Қасақана кiсi өлтiру жөнiндегi iстер бойынша, егер қылмыс өлген адамның жақындарының көз алдында жасалған болса, ол адамдар жәбiрленушi деп танылуға тиiс. 
Жәбiрленушi өлген ретте және оның жақын туысқандары, бала ғып алушылар, бала болғандар жоқ болса, қылмыстық iстер сотта жүргiзгенде оның құқықтарын қамқоршылар, қорғаншылар, ол қорғаншылықта немесе асырауында болған мекемелердiң, ұйымдардың және адамдардың өкiлдерi iске асыра алады. 
7. Егер жәбiрленушінің жасы он төртке дейiнгi адам болса я қабiлеттiлiгi жоқ адам болса, iсте жәбiрленушінің өкiлi ретiнде оның жақын туысқаны я заңды өкiлi қатысуға мiндеттi. 
Егер жәбiрленушi жасы он төрт пен он алтының арасындағы адам болса, қабiлеттілігi шектелген, я iс жүргiзу хұқық қабiлеттiлiгiн шектейтiн дене не психикалық жағынан кемтар адам болса, iсте жәбiрленушінің өкiлi ретiнде оның жақын туысқаны немесе заңды өкiлi қатысуына хұқықты. 
Жасы толмаған жәбiрленушінің қатысуымен жүргiзiлген тергеу қимылдары мен сотта iс қарауда жасы толмаған жәбiрленушінің ата-анасының немесе басқа заңды өкiлдерінің басы-қасында болуы және қатысуы жөнiндегi заң талабы өз хұқықтарын дене немесе психикалық кемтарлығының салдарынан жүзеге асыра алмайтын жәбiрленушiлер жөнiнде де сақталуы тиiс. 
Полная версия
ИС BestProfi