Близость слов: Окончание:





"Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 3 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. "Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) тақырыбындағы "Қаулы Қазақ Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1992 жылғы 24 сәуір N 2" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуірдегі N 2 нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) кіріспедегі "және "Қазақ ССР-інің сот құрылысы туралы" Заңының 51-бабын басшылыққа алып" деген сөздер алып тасталып, "Жоғарғы Сотының Пленумы" деген сөздер "Жоғарғы Сотының жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3) 3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда заңды тұлғаның өкілі жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады."; 
4) 4-тармақтағы "(ұйғарым)", "(ұйғарымда)" деген сөздер алып тасталсын; 
екінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
"Жеке айыптау істері бойынша айыпталушы қарсы айып тағуға құқылы, мұндай жағдайда сот екі айыптауды бір мезгілде шешуі тиіс."; 
7) 22-тармақтың бірінші абзацындағы "ұйғарым" сөзі "қаулы" сөзімен ауыстырылсын; 
8) 23, 24, 25-тармақтардағы "кассациялық", "Кассациялық" деген сөздер тиісінше "апелляциялық", "Апелляциялық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Жоғарғы Сотының судьясы,         жалпы отырыс хатшысы                                Ж. Бәйішев
Полная версия
ИС BestProfi