"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1375 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 631 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1375 қаулысымен бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:
1) бұйрық (өтініш, меморандум) нысанында көрініс табатын экспорттық бақылау талаптарын сақтау жөніндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) міндеттемелері;
2) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) басқа бөлімшелермен олардың өзара іс-қимылы тәртібін көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылауының ұйымдастырушылық құрылымының, сондай-ақ өнімді жеткізуге арналған тапсырыстарды өңдеудің схемасы;
4) сыртқы экономикалық қызметтің мәселелерімен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) персоналын оқыту жоспары;
5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жоспары;
6) экспорттық бақылауға жататын өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу жүйесі.
Полная версия