Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.10.2010
Тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 шілдедегі N 675 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.10.2010 № 1120 Қаулысымен (09.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 330-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2003 жылғы 9 шілдедегі
 N 675 қаулысымен
 бекiтiлген
Тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары 
 мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған 
 құжаттар беру ережесi 
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 330-бабына сәйкес әзiрлендi және тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру тәртiбiн айқындайды.Қараңыз.
2. Осы Ереженiң қолданылуы тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелудi немесе осы аумақтан әкетудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - заңды және жеке тұлғалар) таратылады.
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетілетін тауарлар Қазақстан Республикасының кеден органына Кеден кодексiнiң 382-бабында, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттарды берген кезде кедендiк ресiмдегені үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылады. Қараңыз.
4. Олардың негiзiнде тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босату берiлетiн құжаттар Кеден кодексiнiң 380-бабында айқындалған мерзiмдерде тауарларға кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органына жүк кеден декларациясын берумен бір мезгiлде ұсынылады. Қараңыз.
5. Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмдерде ұсынылуы мүмкiн болмайтын жағдайда, кеден органдары құжаттарды кейiннен оларды алу үшiн қажеттi мерзiмдерде, бiрақ кеден декларациясы тiркелгеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бере отырып, олардың көшiрмелерiн беруге рұқсат етедi. 
Егер кеден органына олар бойынша тауарлардың кейiнгi партияларына кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген құжаттар бұрын берілсе, онда мұндай құжаттардың көшiрмелерiн беру жеткiлiктi болады.
6. Тауарға iлеспе құжаттар тауарлар шығарылғаннан кейiн декларантқа қайтаруға жатады және жүк кеден декларациясы тiркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады. 
Бұл ретте кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн осы құжаттармен қатар декларант растаған көшiрме берiлуi тиiс.
2. Кеден баждары мен кеден алымдарын салудан  
 босату үшiн қажеттi құжаттар 
7. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар мынадай құжаттар берiлген кезде кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылады: 
1) тауарлардың iзгiлiк көмек ретiндегі мәртебесiн көрсете отырып, тауарларды әкелу немесе әкету туралы тауарға iлеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы; 
Полная версия
ИС BestProfi