«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1160 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1160 қаулысымен бекітілген
«Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасында шығарылатын және тасымалданатын (импортталатын) балға және ара шаруашылығы өнімдеріне таралады әрі өнімді өндіру, сақтау, айналымға шығару, кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
Осы Техникалық регламенттің қолданылу аясына түсетін өнімдер тізбесі және олардың Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) жіктеуіші бойынша кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
2. Нәтижесінде балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін қасиеттерді иеленетін неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:
1) құрамында оксиметилфурфуролдың болуы;
2) микробиологиялық көрсеткіштер;
3) құрамында уытты элементтердің, пестицидтердің, радионуклидтердің және олардың қалдықтарының болуы;
4) ара шаруашылығында қолданылатын ветеринариялық препараттар қалдықтарының болуы;
5) өнімді химиялық заттармен, иондаушы және ультракүлгін сәулелермен өңдеу тәсілдері;
6) тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштердің, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған қосалқы технологиялық құралдардың, гендік инженерия өнімдерінің болуы;
7) бөгде қосындылар.
3. Балды сәйкестендіру:
Полная версия