1. Қоса беріліп отырған арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.02.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 330 Қаулысы
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 330 қаулысымен бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2184 (14.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар (бұдан әрі - балалар) мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар) қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға ұсынылады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі мыналарды қамтиды:
әлеуметтік-тұрмыстық;
әлеуметтік-медициналық;
әлеуметтік-психологиялық;
әлеуметтік-педагогикалық;
әлеуметтік-еңбек;
әлеуметтік-мәдени;
әлеуметтік-экономикалық;
әлеуметтік-құқықтық қызметтер.
3. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың тұрмыстағы тіршілік әрекеттерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер стационарлық жағдайда тұрақты немесе уақытша тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары), күндіз болуға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі - жартылай стационарлық үлгідегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары) үйде қызмет көрсету жағдайында (бұдан әрі - үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері) көрсетілетін болады.
Полная версия