Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 166 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 120-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 166 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысымен бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі - мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға (отбасыларға), сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (отбасыларға) ұсынылады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі:
әлеуметтік-тұрмыстық;
әлеуметтік-медициналық;
әлеуметтік-психологиялық;
Полная версия