Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2017
Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізу үшін аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді азаматтық авиация ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және комуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 509 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7183 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 жылғы № 818 Бұйрығына сәйкес
"Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген. Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасының 13-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізілуге жататын бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді бөлу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізу үшін аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттер азаматтық авиация ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөлінсін.
2. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бастапқы деректерді ұсыну бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен азаматтық авиация ұйымдарын Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағының бір данасымен өтеусіз негізде қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің         міндетін атқарушы                            Р. Скляр
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрі
 міндетін атқарушысының
 2011 жылы 12 тамыздағы
 № 509 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына (AIP ҚР) енгізу үшін аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді азаматтық авиация ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу
 
Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағы (бұдан әрі - ҚР АIP) бөлімдері мен тармақтары Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі
1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер
GEN 0
GEN 0.1 Алғысөз
GEN 0.2 ҚР AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу
GEN 0.3 ҚР AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу
GEN 0.4 ҚР AIP парақтарының бақылау тізбесі
GEN 0.5 ҚР AIP-қа қолмен енгізілген түзетулер тізбесі
GEN 0.6 ҚР AIP мазмұны
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 1. — Ұлттық ережелер мен талаптар
GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі
GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі
GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету
GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы
GEN 1.6 Ұлттық ережелер мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны
GEN 1.7 Практика мен ИКАО ережелері ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары
GEN 2. — Кестелер мен кодтар
GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 2.2 ҚР AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар
GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер
GEN 2.4 Орналасқан жер индекстері
GEN 2.5 Радионавигациялық құралдар тізбесі Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 2.6 Аудару кестелері Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 2.7 Күннің шығуы/батуы кестесі
GEN 3. — Қызмет көрсету
GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 3.4 Байланыс қызметтері Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган
GEN 3.6 Іздестіру және құтқару ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті
GEN 4. — Әуеайлақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар
GEN 4.1 Әуеайлақтардан алынатын алымдар Әуеайлақты пайдаланушы
GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
2-бөлім. (ENR) - Бағыт
ENR 1. — Жалпы ережелер мен рәсімдер
ENR 1.1 Жалпы ережелер ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу ережесі
ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу ережесі
ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы
ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары
ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және ережелер
ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі
ENR 1.8 Өңірдегі қосымша ережелер
ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару
ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау
ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу
ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу
ENR 1.13 Заңсыз араласу
ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар
ENR 2. — ӘҚҚ әуе кеңістігі
ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері
ENR 3 — ӘҚҚ бағыттары
ENR 3.1 Төменгі әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
ENR 3.2 Жоғарғы әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары
ENR 3.3 Аймақтық навигация бағыттары
ENR 3.4 Тікұшақтардың ұшу бағыттары
ENR 3.5 Өзге де бағыттар
ENR 3.6 Бағытта күту
ENR 4 — Радионавигациялық құралдар /жүйелер
ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер
ENR 4.3 Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері
ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
ENR 5. — Аэронавигациялық лер
ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚҚ тану аймағы (ADIZ)
ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері
ENR 5.4 Бағыттағы аэронавигациялық кедергілер ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар
ENR 6. — Бағыт карталары Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар
AD 1. — Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе
AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі ҚР ККМ
Азаматтық авиация комитеті
AD 2. — Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)
AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.3 Жұмыс сағаттары Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану:
ылғалды кетіру
Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер 1) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында жарияланатын әуеайлақтарға арналған бастапқы геодезиялық негіз құру бөлігіндегі ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
2) Әуеайлақтағы кедергілер туралы деректерді қолдауға жауапты әуеайлақ пайдаланушысы
AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган
AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.13 Жарияланған арақашықтықтар Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
AD 2.20 Жергілікті қозғалыс ережесі Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.21 Шуылды басу тәсілдері Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.22 Ұшу ережесі Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
AD 2.23 Қосымша ақпарат Әуеайлақты пайдаланушы
AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар
1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО) Әуеайлақты пайдаланушы
2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО) Әуеайлақты пайдаланушы
3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО) Әуеайлақты пайдаланушы
4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін) Азаматтық авиация саласындағы жобалау институты
5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ) Азаматтық авиация саласындағы жобалау институты
6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
10) ең төменгі радиолокациялық абсолюттік биіктіктер картасы (ИКАО) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр сызба үшін) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосына бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым
13) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер Әуеайлақты пайдаланушы
3-бөлімге (AD) қосымша - Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында (ҚР AIP) жариялануы тиіс әуеайлақтар тізбесі:
 
1. Ақтау (Халықаралық)
2. Ақтөбе (Халықаралық)
3. Алматы (Халықаралық)
4. Астана (Халықаралық)
5. Атырау (Халықаралық)
6. Балқаш (Ұлттық)
7. Жезқазған (Халықаралық)
8. Қарағанды (Халықаралық)
9. Қызылорда (Ұлттық)
10. Көкшетау (Ұлттық)
11. Қостанай (Халықаралық)
12. Павлодар (Халықаралық)
13. Петропавл (Халықаралық)
14. Семей (Халықаралық)
15. Талдықорған (Ұлттық)
16. Тараз (Халықаралық)
17. Орал (Халықаралық)
18. Өскемен (Халықаралық)
19. Шымкент (Халықаралық)
Полная версия
ИС BestProfi