Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 85 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2015 жылғы № 27 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 272  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) тармақшадағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi