Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1159 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму Министрінің 30.01.2015 жылғы № 86 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық  кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 892 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 922 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 1159 қаулысымен
бекітілген
Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже
Осы Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
1. Сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жанынан құратын ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - сарапшылық кеңес).
2. Сарапшылық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
3. Сарапшылық кеңестің міндеті арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі - АЭА) құрудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарау болып табылады.
Сарапшылық кеңес осы міндетті орындау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) тиісті тұжырымдамаларымен бірге ұсынылған АЭА-ны құру туралы ұсыныстардың Қазақстан экономикасын жаңғырту және индустриялық-инновациялық дамыту міндеттер мен мақсаттарына сәйкестігін қарау және уәкілетті органға АЭА-ны құрудың орындылығы не орынсыздығы туралы қорытынды беру;
2) мақсатты индикаторларға қол жеткізбеудің шиеленіскен деңгейін айқындау мақсатында АЭА-ның жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізу және АЭА-ның одан әрі жұмыс істеуінің орынсыздығы туралы уәкілетті органға тиісті қорытынды беруі;
4. Сарапшылық кеңес, оған жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдарының мамандарын тартады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1524 Қаулысымен (13.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) сарапшылық кеңестің жұмысына басшылық жасайды, сарапшылық кеңеске жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады;
2) сарапшылық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді;
3) сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарын және күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде сарапшылық кеңестің отырысын шақырады;
4) сарапшылық кеңес отырыстарының хаттамаларына және қорытындыларына қол қояды.
Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз етуді өзінің жанынан сарапшылық кеңес құрылатын уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Сарапшылық кеңес жұмыс органының функциясын өзінің шешіммен айқындаған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
7. Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, оның отырыстарын өткізуге дайындықты, сарапшылық кеңес отырыстарының тиісті құжаттарын, материалдарын және одан кейін хаттамаларын ресімдеуді және қол қоюды сарапшылық кеңестің хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.
8. Сарапшылық кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін сарапшылық кеңестің қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда сарапшылық кеңестің төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Сарапшылық кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда сарапшылық кеңестің мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және сарапшылық кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар. Өндірістік немесе басқа себеп бойынша сарапшылық кеңестің мүшесі болмаған жағдайда сарапшылық кеңес отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
9. Сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
10. Сарапшылық кеңес отырыстарының шешімдері хаттамалық шешім, қорытынды түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Полная версия
ИС BestProfi