«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 254 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 7995 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 254 қаулысымен бекітілген
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) банк клиенттерi – банк қызметтерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
2) инкассация – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткiзу, тасымалдау, сақтау және өткiзу, сондай-ақ клиентті банкноттарымен, монеталарымен және құндылықтарымен алып жүру;
3) касса – ақшаны және басқа құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру үшiн арнайы жабдықталған үй-жай;
4) кешкi касса – жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен банкноттар мен монеталарды қабылдауды және қайта есептеуді жүзеге асыратын банк кассасы;
5) кiрiс кассасы – операция кезiнде банктiң клиенттерiнен банкноттар мен монеталарды қабылдауды жүзеге асыратын банк кассасы;
6) қайта есептеу кассасы – банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қабылданған банкноттар мен монеталарды қайта есептеуді, қалыптастыруды және олардың оралуын жүзеге асыратын банк кассасы;
7) құндылықтар – валюталық құндылықтар, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, бағалы металдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан бағалы металдардан дайындалған монеталар және құнды заттар;
8) өткізуші – банкноттары, монеталары мен құндылықтары инкассацияланатын инкассация объектісі;
Полная версия