Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1258 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен.
Редакция 23.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
дің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия