Қазақстан Республикасының
Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 293-IV Заңы
Редакция 09.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2009 жылғы 27 қарашада Минскіде жасалған Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт ратификациялансын.
Президенті Н. Назарбаев
Кеден одағының Кеден кодексі туралы ШАРТ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып, кеден одағының бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген кеден одағының Кеден кодексін (бұдан әрі - Кодекс) қабылдайды.
Осы Кодекстің ережелері кеден одағы кеден заңнамасының өзге ережелерінен басым күші бар.
2-бап
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Дауларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінгенге дейін кеден одағының шеңберінде реттеуде кеден одағының комиссиясы Тараптарға жәрдемдеседі.
Егер Тараптардың біреуінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға береді.
3-бап
Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.
4-бап
Осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5-бап
Полная версия