Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 12 сәуір N 405
Осы редакция 26.09.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5  өкімін орындау үшін, сондай-ақ мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттердің кірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерін заң актілерінде белгіленген тәртіппен 1-қосымшаға сәйкес коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері берілген акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншік түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестеріне қатысты жасасқан барлық шарттар мен келісімдер бойынша мемлекеттік қолданылып жүрген құқықтары мен міндеттемелерін сақтау шартымен. 
2. 2-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі бекітілсін. 
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір айлық мерзім ішінде министрліктермен және агенттіктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп осы қаулының 1, 2-қосымшаларына енгізілмеген акцияларының мемлекеттік пакеті мен қатысудың мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін айқындау жөніндегі жұмысты жалғастырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныс енгізсін. 
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдар және ведомстволар бір айлық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік меншіктің түрін өзгерту жөнінде ұсыныс енгізсін. 
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын
қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
6. Осы қаулы атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке
Полная версия
ИС BestProfi