Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2018
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 4 қыркүйектегi N 836 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 948 Қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 419 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. "Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 4 қыркүйектегi N 836  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: 
"Ахметов Даниал Кенжетайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, төраға 
Ахметов Серiк Нығметұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi, төрағаның орынбасары 
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi, төрағаның орынбасары  
Жұмабаев Ермек Жианшаұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Мемлекеттiк құрылыс және құқықтық саясат комитетiнiң төрағасы 
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң төрағасы  
Чиркалин Иван Федорович - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Аграрлық мәселелер комитетiнiң хатшысы"; 
"Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, төрағаның орынбасары" деген жолда ", төрағаның орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген құрамнан Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Қасымбек Жеңiс Махмұдұлы, Ақшолақов Болат Оралұлы шығарылсын;
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия туралы ережеде: 
"Комиссияның қызметiн ұйымдастыру" деген 3-бөлiмде: 
бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
екiншi абзацтағы "орынбасары орындайды" деген сөздер "оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi орындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"7. Комиссияның құрамына ауыстыру қүқығынсыз Көлiк және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары, Қаржы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Әдiлет министрлiктерi бiрiншi басшыларының орынбасарлары және республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы кiредi.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi