"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2013
Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлдігінде 2005 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3455
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 29.08.2013 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
Электр энергиясын пайдалану ережелері;
Жылу энергиясын пайдалану ережелері бекітілсін.
2. Электр энергетикасы және көмір өндірісі департаменті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Электр энергетикасы және көмір өндірісі департаментіне (Бертісбаев Н.Б.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы 10 ақпан 2005 жыл
"Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 10 бұйрығымен бекітілген
Жылу энергиясын пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жылу энергиясын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен жылу энергиясын тұтынушылар арасында туындаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Ережелермен реттеледі.
Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың жылу энергиясын пайдалану тәртібін анықтайды.
2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
2. "Электр энергетикасы туралы" Заңда берілген ұғымдар мен анықтамалар Ережеде қолданылады.
Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Полная версия