Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайларын айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2002
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 8 шiлде N 110-ХIII
Осы Заң күшін жойды 06.12.2002 жылдан бастап ҚР 04.12.2002 жылғы № 361-II Заңына сәйкес
Редакция 09.08.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Заң, осы Заң, айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi болып табылады.
2-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi:
Ұйымдық, экономикалық, құқықтық және тәрбиелiк сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзумен қамтамасыз етiлетiн азаматтардың денсаулығын, тiршiлiк ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау құқын жүзеге асыру;
айналадағы орта факторларының халықтың денсаулығына зиянды әсер етуiн болдырмау жөнiндегi қызметiнiң ескертпелiгi;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық болып табылады.
II бөлiм. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi
3-бап. Азаматтардың тiршiлiк ету ортасы қолайлылығына құқығы
Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының, факторлары қазiргi және болашақ ұрпақтың денсаулық жағдайына жарамсыз әсер етпеуге тиiс тiршiлiк ортасы қолайлылығына құқығы бар.
4-бап. Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу құқығы
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы дұрыс ақпарат алуға мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды адамдар қабылдағыш шешiмдердi, егер бұл шешiмдер санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығына ықпал етумен байланысты болса, әзiрлеуге, талқылауға және бұлардың орындалуын бақылауға қатысуға әрбiр азаматтың құқығы бар.
5-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiндегi азаматтардың мiндеттерi
Қазақстан Республикасының азаматтары қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының қорытындыларын, қаулылары мен ұйғарымдарын орындауға мiндеттi.
6-бап. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды, адамдар:
Полная версия