Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2011
Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 350 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 05 тамыздағы № 915 Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берілiп отырған Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 14 сәуiрдегi
 N 350 қаулысымен
 бекiтілген
Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру  
  ережесi 
1. Осы Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңына  сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже өздiгiнен жүзетiн кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру тәртiбiн айқындайды.
2. Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру 
3. Кеме капитандары мен штурмандарға, жер снарядтарының командирлерiне және олардың көмекшiлерiне, механиктерге, механиктің көмекшiлерiне және жоғарыда көрсетiлген лауазымдарды қоса атқаратын тұлғаларға, диплом алу рәсiмiнен өткен электр жабдықтары бойынша механиктiң көмекшiлерiне, электр механиктерi мен олардың көмекшiлерiне диплом (1-қосымша), ал кемелердiң старшина-мотористерiне, қуаты 55 кВт-дан (75 а.к.) 110 кВт-ға дейiнгі (149 а.к.) кемелердiң кеме жүргізушісi-механиктерiне бiліктiлiк куәлiгi (2-қосымша) берiледi.
4. Диплом алуға оның тағайындалуына сәйкес осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген тиiстi білімi және белгiленген жүзу өтілi бар тұлғаларға рұқсат етiледi. Диплом берудi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң комиссиялары жүргiзедi.
5. Диплом беру мақсаты үшін өздiгiнен жүзетiн кемелер, олардың қозғалысын қамтамасыз ететiн қозғалтқыш қуатының тиiмдiлiгiне байланысты, мынадай топтарға бөлiнедi: 
Полная версия
ИС BestProfi