Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 555 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6530 болып енгізілді
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.10.2012 № 17-02/489 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі)
2. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 2 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамызда № 124 (1153) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығына сәйкес (02.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
табиғат қорғау мекемелері - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау кәсіпорындары);
заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік табиғи қаумалдар және мемлекеттік қорық аймақтары.
4. Мемлекеттік табиғи қорықтың аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде орналасқан белгілі бір дін жолын ұстанушылар тәу ететін орындарға (қасиетті орындарға) қорық аумағы арқылы өтетін жолдармен кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтың әкімшілігі тиісті діни бірлестіктің келісімі бойынша ақы төлемей, мемлекеттік табиғи қорық инспекторларының бастап жүруімен, топпен осы орындарда болуға немесе осы орындарға жақындап келуге рұқсат берілуі мүмкін.
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі - келушілер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі - ЕҚТА) түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында болу кезінде мынадай іс-әрекеттер жасауға рұқсат етіледі:
1) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен және экскурсиялық маршруттардың арнайы жолдарымен, механикаландырылған көлiкпен және салт атпен жүру, қорықтық күзет режимi бар учаскелерден басқа, арнайы жабдықталған орындарда аялдау;
2) белгіленген туристік маршруттармен және соқпақтармен табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен алдын-ала келісілген, ЕҚТА экскурсия ұйымдастырушыларының немесе инспектор-гидтерінің бастап жүруімен ұйымдасқан экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізу;
5) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орындарда жабайы жемістер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және дәстүрлі табиғат пайдаланудың басқа түрлері;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында көзделген өзге де қызметтер.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.10.2012 № 17-02/489 Бұйрығымен (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі)
2) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге және олар арқылы жүрiп өтуге;
5) су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын және құтқару пунктерін алып тастағанда моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.05.2023 жылдан бастап)
16) көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;
20) «Жасанды жолмен жасалатын шудың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12387 болып тіркелген) шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердiң нормаларына сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлердi қолдану;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығына сәйкес (02.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
21) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуын және сақталуын бұзатын өзге қызметтерге жол берілмейді.
6-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.10.2012 № 17-02/489 Бұйрығымен (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі)
7. Келушіде табиғат қорғау мекемесі ұсынатын қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжаттың болуы ЕҚТА аумағына келуге негіз болып табылады. Зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу туралы растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Рекреациялық жүктеменің жол берілетін нормаларына байланысты келушілер легін реттеп отыру мақсатында табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігі осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келушілерді есепке алу журналын (бұдан әрі - Журнал) жүргізеді.
3-тарау. Табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында болу аумағында болуы
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігімен келісім бойынша экспозициялар мен коллекциялардағы өсімдіктерді, жартылай еркін және жасанды жағдайларда ұсталатын жануарларды суретке және бейне таспаға түсіруге;
4) жабайы жануарлар бар үй-жайлардың торлары мен шарбақтарына сүйеніп тұруға, сондай-ақ орнатылған қоршаулар арқылы аяқ-қолды созуға, қолжетімді жануарлармен байланыс жасау үшін қол созуға және оларды әртүрлі заттармен (қолшатырмен, таяқпен және басқа заттар) түрткілеуге;
12) жануарлар бар қоршаулар мен торлардың қасында кезекшілерімен сөйлесуге, жануарларды қорғау жөніндегі қызметінен олардың назарын басқа жаққа аударуға;
4-тарау. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2024 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА аумағында болу тиісті ЕҚТА түрлерін қорғау және пайдалану режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы жағдайында, осы ЕҚТА-ның паспортына сәйкес жүзеге асырылады.