1. Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерiнiң, бас консулдықтарының және тұрақты өкiлдiктерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ бөлiнген қржының нысаналы жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қатысуымен республиканың республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын елшiлiктерiнде, бас консулдықтарында және тұрақты өкiлдiктерiнде тексеру жүргiзу тапсырылсын.
Тексеру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 21 мамырдағы N 236
2. Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, бас консулдықтарының және тұрақты өкiлдiктерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзу кестесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiнiң қызметкерлерiне шет елдiк iссапарларға арнап жолда болатын уақытты есептей отырып 20 күн есебiнде валюта қаражатын бөлудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiнiң аталған мәселелермен шет елге iссапарға шығатын қызметкерлерiне қызметтiк паспорт пен визаларды ресiмдеудi қамтамасыз етсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 21 мамырдағы N 236 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Респбуликасы елшiлiктерiнiң, бас консулдықтарының және тұрақты өкiлдiктерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзу Кестесi ___________________________________________________________________ Объектiнiң атауы Тексеру жүргiзу Орындаушылар мерзiмi ___________________________________________________________________ 1996 жыл 1. Ресей (елшiлiк) сәуiр Горяинов А.В. 2. Иран (ОЭС жанындағы елшiлiк, өкiлдiк, бас консулдық) мамыр Құдайбердиев Н.К. 3. АҚШ (елшiлiк, БҰҰ жанындағы тұрақты өкiлдiк) маусым Стамбеков М.Н. 4. Германия (елшiлiк, бас консулдық) шiлде Нұрғалиева Р.О. 5. Венгрия (елшiлiк) тамыз Өтегенов Б.Н. 6. Қытай (елшiлiк) қыркүйек Шин О.Н. 7. Пәкстан (елшiлiк) қазан Кәрiбаев О.К. 8. Өзбекстан (елшiлiк) қараша Тапалов К.Б. 9. Түркия (елшiлiк) желтоқсан Досжанов Р.Д. 1997 жыл 1. Австрия (елшiлiк) 2. Әзербайжан (елшiлiк) 3. Беларусь (елшiлiк) 4. Бельгия (елшiлiк) 5. Ұлыбритания (елшiлiк) 6. Египет (елшiлiк) 7. Индия (елшiлiк) 8. Италия (елшiлiк) 9. Қырғызстан (елшiлiк) 10. Оңтүстiк Корея (елшiлiк) 11. Литва (елшiлiк) 12. Франция (елшiлiк) 13. Швейцария (елшiлiк) 14. Украина (елшiлiк)
Полная версия