Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі N 854 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай толықтырулар және өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде: 
екінші абзац "жылжымалы" деген сөздің алдынан "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын; 
үшінші абзац "маневр жұмыстары" деген сөздердің алдынан "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын; 
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары; 
кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер; 
Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; 
Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру; 
Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi