Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2007
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 764 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысымен.
Редакция 27.03.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 14 тамыздағы
 N 764 қаулысымен
 бекiтiлген
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия жобаның бюджеттiк қаражат шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын техникалық және/немесе бағалық сипаттамаларының өзгерiстерiн қарау жолымен республикалық бюджет қаражатын жоспарлау мен жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында құрылды. 
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады. 
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерiн қарау; 
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 
3) ұсынымдық сипаты бар бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселесi жөнiнде қорытындылар шығару. 
5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары: 
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты одан әрi жетiлдiру; 
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру саласындағы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iс-әрекетiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
6. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн: 
1) орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға; 
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру құнының қымбаттауына байланысты проблемалық мәселелердi талдау және зерделеу үшiн мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттiлiгiне қарай тартуға; 
3) отырыстарда Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға құқылы.
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметi үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды. 
8. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
9. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 
10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi. 
11. Комиссия мүшелерi бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы жөнiндегi материалдарды алғаннан кейiн жетi күн мерзiмде олардың негiздiлiгi тұрғысынан осы материалдарды қарайды. 
12. Осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерi Комиссияның кезектi отырысында өзiнiң ұсыныстарын енгiзедi. 
13. Комиссия мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өз өкiлеттiктерiн басқа адамдарға табыстауға құқығы жоқ. 
14. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссияның төрағасы айқындайды және нақтылайды. 
15. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда бiр рет және осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген материалдарды Комиссия мүшелерiне жiберген күннен бастап екi аптадан кешiктiрмей өткiзiледi. 
16. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, оны бiлдiрген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс. 
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша Комиссияның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады. 
17. Комиссия бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерiн қарау нәтижелерi бойынша ұсынымдық сипаты бар қорытынды шығарады және Республикалық бюджет комиссиясының отырысында бюджеттiк инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы мәселенi қарау кезiнде ескерiледi.
Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Мусин                       - Қазақстан Республикасы Премьер- 
Аслан Есболайұлы              Министрiнiң орынбасары - Экономика                                 және бюджеттiк жоспарлау министрi,                                 төраға
Виктор Васильевич             Экономика және бюджеттiк жоспарлау                                 вице-министрi, төрағаның орынбасары
Қосдәулетов                 - Қазақстан Республикасының Әдiлет  
Георгий Владимирович          Прокурорының орынбасары - Қазақстан                                  Республикасы Бас прокуратурасы  
                       Құқықтық статистика және арнайы                                  есепке алу комитетiнiң төрағасы
Сұлтанғазин                 - Қазақстан Республикасы Қаржы  
Әнуарбек Жәлелұлы             министрлiгi Қаржылық бақылау және                                  мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң                                  төрағасы
Хайдаров                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және   Жеңiс Хайдарұлы               сауда министрлiгiнiң Құрылыс және                                  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  
                       iстерi комитетi төрағасының орынбасары
Сағындықов                  - Қазақстан Республикасы Экономика және   Самат Алпысұлы                бюджеттiк жоспарлау министрлiгi  
                       Инвестициялық саясат және жоспарлау                                  департаментiнiң директоры
Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Бақыт Тұрлыханұлы             вице-министрi       
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2007. № 233 қаулысымен. (14.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi