Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2008
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 809 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:
"40-1  Жеке функциялары бар, осы топтың басқа          жерінде аталмаған немесе енгізілмеген          машиналар және механикалық құрылғылар: 
өзге де машиналар мен механикалық тетіктер: 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi