1. "Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2008
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 707 қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгі құралдар тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-1, 38-2 және 38-3-жолдармен толықтырылсын:
"38-1 Карточкаларды оқитын құрылғылары (карт-
ридерлерi) бар төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын микрокомпьютерлер* 8471 30 000 0-ден
38-2 Импринтер - сату/сервис нүктелерiнде төлем карточкаларын қабылдауға арналған механикалық құрылғы; төлем карточкаларын дербестендiруге арналған құрылғылар; эмбоссер - төлем карточкасына ақпаратты таңбалап басу түрiнде енгізуге арналған құрылғылар* 8472 20 000 0-ден
38-3 Электронды депозитарлық машиналар -
төлем карточкаларын пайдалана отырып, ұстаушылардың шотына депозиттер қабылдайтын құрылғылар;
кэш-диспенсерлер; банкоматтар* 8472 90 800 0-ден".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия