Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.04.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысы
Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету және электр энергетикасы саласы жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 606  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 223-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. "КОРЭМ" ЖАҚ қызметiнiң негiзгi мәнi қолда бар (спот) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру болып белгiленсiн.".
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 18 ақпандағы
 N 190 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамытудың тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) 2004-2006 жж. орташа мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қайта жаңарудың негiзгi бағыттарын анықтау мақсатында әзiрлендi. 
Тұжырымдамада электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарын ұйымдастырудың негізгі қағидаттары, рыноктардың құрылымы, нарықтық тетiктердi дамыту үлгiлерi, электр энергиясы рыногының ашық бәсекелестiк үлгiсiне көшу кезеңдерi көрсетiлген.
2004-2006 жылдардағы мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды дамытудың мақсаттары: 
электр энергетикасы саласының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру; 
елдiң электр энергетикалық әлеуетiн қалпына келтiруге және дамытуға инвестицияларды тарту үшiн жағдайлар туғызу; 
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың, Бiртұтас Экономикалық Кеңiстiктiң (БЭК) мемлекетаралық ашық және бәсекелiк электр энергетикалық рыногын қалыптастыруға қатысу, шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас режимiндегi жұмыс; 
Полная версия
ИС BestProfi