"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Кәсіби және ерікті авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 45 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес «Кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық- құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2015 жылғы № 264 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған кәсіби және ерікті авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Кәсіби және ерікті авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын қоса беріліп отырған тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормалары бойынша сатып алу осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған бюджеттен немесе оны құрған ұйымның бюджетінен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүргізілетін болып белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 45 қаулысымен бекітілген
Кәсіби және ерікті авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Осы нормалар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде төтенше жағдайларды жою режиміндегі жұмыс жағдайларына байланысты құтқарушылардың әр түрлі санаттарына тиісті бір тәулікке арналған тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдері санын, паектерді беру кезінде тамақ өнімдерін алмастыру нормаларын белгілейді.
1. N 1 норма. Жалпы құтқарушы паегі.
Төтенше жағдайларды жою режиміндегі тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормасы. Осы норма бойынша бір тәуліктен астам мерзімде құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде барып-қайту жолына кететін уақытты ескере отырып, мыналар қамтамасыз етіледі:
1) кәсіби авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары;
2) төтенше жағдайларды жоюға тартылған ерікті авариялық құтқару қызметі мен құралымдарының құтқарушылары.
2. N 2 норма. Дербес құтқарушы паегі.
Осы норма бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізетін аудандарға барған уақытта және жалпы құтқарушы паегі өнімдерінен ыстық тағам әзірлеуге болмайтын жағдайларда:
1) авариялық құтқарушы қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары;
2) төтенше жағдайларды жоюға тартылған ерікті авариялық құтқару құралымдарының құтқарушылары қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте дербес құтқару паегімен тамақтандыру мерзімі төтенше жағдай орнына дейінгі жолға кететін уақытты ескере отырып, 3 тәуліктен аспауы тиіс.
3. N 3 норма. Жалпы құтқарушы паегін беру кезінде өнімдерді алмастыру нормалары.
Осы норма құтқарушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етудің N 1 нормасы бойынша берілетін өнімдерді алмастыру мүмкіндігін белгілейді.
4. N 4 норма. Дербес паек өнімдерін арнайы алмастыру нормалары.
Осы норма құтқарушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етудің N 2 нормасы бойынша берілетін өнімдерді алмастыру мүмкіндігін белгілейді.
N 1 норма Жалпы құтқарушы паегі
Р/с N | Өнімдердің атауы | Бір адамға тәулігіне берілетін мөлшері (граммен) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бидайдан жасалған кептірілген нан, бидай ұнынан жасалған қытырлақ нан | 300 |
2. | Печенье, вафли, кептірілген доңғалақ нан | 100 |
3. | Әр түрлі жармалар, оның ішінде қарақұмық, күріш, бидай, арпа | 250 |
4. | Бұршақ өнімдері, оның ішінде ас бұршақ, үрме бұршақ | 50 |
5. | Макарон өнімдері | 150 |
6. | Сорпалар (концентраттар) | 70 |
7. | Түрлі ет консервілері | 310 |
8. | Түрлі ет-өсімдік консервілері | 250 |
9. | Екінші түстік ас консервілері | 350 |
10. | Балық, оның ішінде, мұздатылған, тұздалған, қақталған, сүрленген | 100 |
11. | Өсімдік майлары | 40 |
12. | Мал майлары | 50 |
13. | Консервіленген балық | 95 |
14. | Сары май | 40 |
15. | Қант қосылып қойылтылған сүт | 90 |
16. | Қоюлатылған сүт, оның ішінде кілегей | 50 |
17. | Мәйек сыр | 50 |
18. | Қант | 180 |
19. | Кәмпит, оның ішінде шоколад, халуа | 80 |
20. | Витаминді глюкоза | 50 |
21. | Лимон қышқылы | 3 |
22. | Кисель, компот | 60 |
23. | Кептірілген жемістер, оның ішінде мейіз, кептірілген өрік, қара өрік | 50 |
24. | Жаңғақтар | 40 |
25. | Жас картоп | 500 |
26. | Жас қырыққабат | 250 |
27. | Басты пияз | 100 |
28. | Түрлі көкөніс, оның ішінде қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ | 100 |
29. | Тұздалған қияр, ашытылған қырыққабат | 40 |
30. | Жұмыртқа ұнтағы | 20 |
31. | Ұнтақталған қара және қызыл бұрыш | 15 |
32. | Шай | 30 |
33. | Какао, кофе | 20 |
34. | Лавр жапырағы | 2 |
35. | Томат пастасы | 15 |
36. | Тұз | 15 |
Ескертпе:
1. Кәсіби авариялық қызметтері мен құралымдарында құтқарушыларды кемінде 14 тәулікке тамақ өнімдерімен қамтамасыз етудің ең төменгі нормасы бүкіл жеке құрамға, жалпы құтқарушы паегінің N 1 нормасы бойынша белгіленсін.
2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде тамақ өнімдері 1 норма бойынша 1.4 ұлғайту коэффициентімен құтқарушылардың мынадай санаттарына:
1) үйінділерді, оның ішінде жер астындағы үйінділерді аршитын құтқарушыларға;
2) теңіз деңгейінен 2500 метрден астам биіктікте төтенше жағдайларды жоюға қатысушы құтқарушыларға қосымша беріледі.
3. Жалпы құтқарушы паегінің N 1 нормасы бойынша 16 қазаннан бастап 15 сәуір аралығындағы салқын уақытта 1.1 ұлғайту коэффициентімен тамақ өнімдері қосымша беріледі.
4. Құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысушы құтқарушыларға ионды сәулеленудің оларға әсер етуі жағдайларында жалпы құтқару паегінің 1 нормасына N 1 кестеде көрсетілген тамақ өнімдері қосымша беріледі.
5. Құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысушы құтқарушыларға күшті улы заттардың оларға қатты әсер етуі жағдайларында жалпы құтқарушы паегінің N 1 нормасына N 2 кестеде көрсетілген тамақ өнімдері қосымша беріледі.
6. Құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысатын сүңгуір құтқарушыларға нақты су астында жүрген күндеріне N 1 жалпы құтқарушы паегінің нормасына N 3 кестеде көрсетілген тамақ өнімдері қосымша беріледі.
1 кесте
Құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысушы құтқарушыларды ионды сәулеленудің оларға әсер етуі жағдайында тамақтандырудың қосымша рационы
Р/с N | Өнімнің тауы | Бір адамға тәулігіне берілетін мөлшері |
1. | Ет | 80 грамм |
2. | Сиыр майы | 25 грамм |
3. | Сиыр сүті | 100 миллилитр |
4. | Мәйек сыр | 15 грамм |
5. | Тауық жұмыртқасы | 1 дана |
6. | Жеміс-жидек | 100 грамм |
7. | Қызыл шарап | 50 миллилитр |
2 кесте
Құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысушы құтқарушыларды күшті улы заттардың оларға қатты әсер етуі жағдайларында тамақтандырудың қосымша рационы
Р/с N | Өнімнің атауы | Бір адамға тәулігіне берілетін мөлшері |
1. | Ет | 80 грамм |
2. | Сиыр майы | 25 грамм |
3. | Сиыр сүті | 100 миллилитр |
4. | Мәйек сыр | 15 грамм |
5. | Тауық жұмыртқасы | 1 дана |
3 кесте
Құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысатын сүңгуір құтқарушыларға нақты су астында жүрген күндерінде берілетін қосымша тамақтандыру рационы
Р/с N | Өнімнің атауы | Бір адамға тәулігіне берілетін мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | Бидай наны | 100 грамм |
2. | Қара бидай наны | 100 грамм |
3. | Бидай ұны | 15 грамм |
4. | Жарма, кесте | 15 грамм |
5. | Картоп | 150 грамм |
6. | Көкөніс | 25 грамм |
7. | Томат пюресі | 3 грамм |
8. | Қант | 45 грамм |
9. | Өсімдік майы | 10 грамм |
10. | Ет | 100 грамм |
11. | Балық | 50 грамм |
12. | Сиыр майы | 15 грамм |
13. | Сүт (айран) | 200 миллилитр |
14. | Қаймақ | 20 грамм |
15. | Ірімшік | 110 грамм |
16. | Жұмыртқа | 1/4 дана |
17. | Тұз | 5 грамм |
18. | Шай | 0,5 грамм |
N 2 норма Дербес құтқарушы паегі
Р/с N | Өнімдердің атауы | Бір адамға тәулігіне берілетін мөлшері (граммен) |
1. | Бидай ұнынан жасалған кептірілген нан | 600 |
2. | Печенье | 70 |
3. | Ет консервілері | 400 |
4. | Ет-өсімдік консервілері | 400 |
5. | Балық консервілері | 236 |
6. | Әр түрлі жармалар | 430 |
7. | Макарон өнімдері | 100 |
8. | Құнарландырылған сорпалар | 50 |
9. | Қантпен қойылтылған сүт | 80 |
10. | Қаймағы алынбаған қойылтылған сүт | 80 |
11. | Сары май | 20 |
12. | Өсімдік майы | 40 |
13. | Майлар | 4 |
14. | Лимон қышқылы | 2 |
15. | Кептірілген жемістер | 30 |
16. | Шай | 15 |
17. | Кофе, какао | 10 |
18. | Кисель | 60 |
19. | Қант | 180 |
20. | Бұрыш | 10 |
21. | Лавр жапырағы | 1 |
22. | Томат пастасы | 10 |
23. | Жұмыртқа ұнтағы | 10 |
24. | Картоп | 250 |
25. | Сәбіз | 50 |
26. | Пияз | 25 |
27. | Тұз | 10 |
Ескертпе: Құтқарушыларды кемінде 3 тәулікке тамақ өнімдерімен қамтамасыз етудің ең төменгі нормасы кәсіби авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының бүкіл жеке құрамына дербес құтқару паегінің N 2 нормасы бойынша белгіленсін.
N 3 норма Азық-түлік паегін беру кезінде өнімдері алмастыру нормалары
Р/с N | Өнімдердің атауы | Алмастырыла- тын өнім | Алмастырғыш өнім |
Саны (граммен) | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан мыналармен алмастырылады: | 100 | |
1 сұрыпты бидай ұнынан жасалған кептірілген нанмен | 65 | ||
1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген галеттермен | 65 | ||
майға пісірілген жақсартылған галеттермен | 55 | ||
вафлимен | 55 | ||
қытырлақ нандармен | 80 | ||
1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген жай және кесілген батондармен | 95 | ||
жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанмен | 85 | ||
2 сұрыпты ұннан пісірілген нанмен | 105 | ||
2. | Бидай ұны мыналармен алмастырылады: | 100 | |
күрішпен | 100 | ||
макарон өнімдерімен | 100 | ||
ұнтақ жармамен | 100 | ||
3. | Әр түрлі жарма мыналармен алмастырылады: | 100 | |
пісіруді қажет етпейтін жармамен | 100 | ||
күрішпен | 100 | ||
макарон өнімдерімен | 100 | ||
жарма, жармалық-көкөніс және көкөніс-концентраттары- мен | 100 | ||
2 сұрыпты бидай ұнымен | 100 | ||
жас картоппен | 500 | ||
табиғи картоппен, консервіленген шала өніммен (тұздығын қоса алғанда) | 500 | ||
жас көкөніспен | 500 | ||
ашытылған және тұздалған көкөніспен | 500 | ||
құрғақ картоп пюресімен, картоп жармасымен, картоппен және сублимациялық кептірілген көкөніспен | 100 | ||
табиғи және маринадталған көкөніс және бұршақ консервілерімен (тұздығын қоса алғанда) | 500 | ||
етсіз бірінші көкөніс тағамдары консервілерімен | 375 | ||
көкөністен жасалған ас қатық консервілерімен | 250 | ||
көкөністен жасалған жеңіл ас консервілерімен | 350 | ||
4. | Картоп, жас, ашытылған және тұздалған көкөніс мыналармен алмастырылады: | 100 | |
басты пиязбен | 50 | ||
кептірілген немесе сублимациялық кептірілген басты пиязбен | 5 | ||
көк пиязбен (сабақ) | 100 | ||
сарымсақпен | 25 | ||
5. | Сиыр, шошқа, қой еті мыналармен алмастырылады: | 100 | |
сүйекті ет блоктарымен | 100 | ||
сүйексіз ет блоктарымен | 80 | ||
бұғы етімен | 130 | ||
1 санаттағы қосымша өнімдермен (оның ішінде бауырмен) | 100 | ||
2 қосымша өнімдермен | 300 | ||
ішек-қарны алынған құс етімен | 100 | ||
ішек-қарны жартылай алынған және алынбаған құс етімен | 120 | ||
сублимациялық және қыздырылып кептірілген етпен | 33 | ||
пісірілген шұжықпен және сосискамен (сарделькамен) | 80 | ||
сүрленген етпен (сүрленген шошқа еті, төс ет, орама, жартылай сүрленген шұжық) | 60 | ||
әр түрлі ет консервілерімен | 75 | ||
сүйекті құс етінің консервілерімен | 100 | ||
басы алынып салқындатылған, мұздатылған және тұздалған балықпен | 150 | ||
әр түрлі балық консервілерімен | 120 | ||
қатты мәйек сырмен | 46 | ||
балқытылған сырмен | 72 | ||
тауық жұмыртқасымен | 2 дана | ||
6. | Шикідей сүрленген шұжық мыналармен алмастырылады: | 100 | |
пісірілген шұжықпен | 265 | ||
сүрленген етпен (сүрленген шошқа еті, төс ет, орама, жартылай сүрленген шұжық) | 200 | ||
қатты мәйек сырмен | 160 | ||
7. | Басы алынған салқындатылған, мұздатылған және тұздалған балық мыналармен алмастырылады: | 100 | |
басымен тұздалған және сүрленген майшабақтармен | 100 | ||
бөлшектелу жай-күйіне қарамастан, басы алынбаған барлық түрдегі және тұқымдағы балықпен | 130 | ||
сүрленген және қақталған балықпен (оның ішінде торта шабақ) | 75 | ||
балық сүзбесімен | 70 | ||
кептірілген және сублимациялық кептірілген балықпен | 33 | ||
бөлшектелу жай-күйіне қарамастан, басы алынып тұздалған майшабақтармен | 85 | ||
әр түрлі балық консервілерімен | 80 | ||
көкөніс жеңіл ас консервілерімен | 120 | ||
8. | Сиыр майы мыналармен алмастырылады: | 100 | |
стерильді консерві майымен | 100 | ||
құрғақ май концентратымен | 70 | ||
9. | Шыжғырылған мал майы, маргарин мыналармен алмастырылады: | 100 | |
сиыр майымен | 67 | ||
өсімдік майымен | 100 | ||
шикі маймен | 130 | ||
шошқа майымен | 100 | ||
10. | Сиыр сүті* мыналармен алмастырылады: | 100 | |
қаймағы алынбаған құрғақ сүтпен, ашытылған құрғақ сүтпен және сублимациялық ашытылып кептірілген сүт өнімдерімен | 15 | ||
қаймағы алынбаған қант қосылған қоюлатылған сүтпен | 20 | ||
қоюлатылған стерильді қантсыз сүтпен | 30 | ||
табиғи кофемен немесе қоюлатылған сүт және қант қосылған какаомен | 20 | ||
ашытылған сүт өнімдерімен (айранмен, ұйыған сүтпен) | 100 | ||
кілегеймен | 20 | ||
қаймақпен | 20 | ||
құрғақ қаймақпен | 10 | ||
ірімшікпен | 30 | ||
сиыр майымен | 5 | ||
шыжғырылған сиыр майымен | 5 | ||
қатты мәйек сырмен | 12 | ||
балқытылған сырмен | 18 | ||
тауық жұмыртқасымен | 0,5 дана | ||
қант қосылған кілегеймен | 20 | ||
сүзбемен | 24 | ||
басы алынған балықпен (салқындатылған, мұздатылған және тұздалған күйіндегі) | 60 | ||
11. | Тауық жұмыртқасы мыналармен алмастырылады: | 1 | |
жұмыртқа ұнтағымен | 15 | ||
жұмыртқа қосындысымен | 50 | ||
12. | Қант мыналармен алмастырылады: | 100 | |
карамельмен | 50 | ||
тосаппен, джеммен, повидломен | 140 | ||
мармеладпен | 130 | ||
печеньемен | 100 | ||
вафлимен | 100 | ||
халуамен | 120 | ||
жеміс қағымен | 120 | ||
13. | Шоколад мыналармен алмастырылады: | 100 | |
какао ұнтағымен | 150 | ||
табиғи кофемен немесе қоюлатылған сүт және қант қосылған какаомен | 200 | ||
табиғи кофемен | 150 | ||
балмен | 165 | ||
тәтті плиткамен | 160 | ||
халуамен | 150 | ||
14. | Печенье мыналармен алмастырылады: | 100 | |
жай галеттермен | 100 | ||
вафлимен | 55 | ||
15. | Томат пастасы мыналармен алмастырылады: | 100 | |
томат пюресімен | 200 | ||
томат тұздығымен | 100 | ||
томат ұнтағымен, қышқылдығы күшті жеңсік тұздықпен | 33 | ||
томат шырынымен, жас қызанақпен | 300 | ||
16. | Жас жеміс-жидек мыналармен алмастырылады: | 100 | |
жас жидектермен | 100 | ||
апельсинмен, мандаринмен | 100 | ||
қарбызбен | 300 | ||
қауынмен | 200 | ||
кептірілген жемістермен | 20 | ||
жемістер және сублимациялық кептірілген жидектермен | 20 | ||
консервіленген компотпен | 50 | ||
табиғи жеміс және жидек шырындарымен | 100 | ||
кемінде 50% құрғақ заттары бар концентратты жеміс жидек шырындарымен | 20 | ||
сублимациялық кептірілген шырындарымен | 15 | ||
жеміс-жидек сусынымен | 130 | ||
жеміс-жидек сығындысымен | 10 | ||
тосаппен, джеммен, повидломен | 17 | ||
жеміс-жидек сығындысынан жасалған кисель концентратымен | 30 | ||
17. | Табиғи жеміс-жидек шырындары мыналармен алмастырылады: | 100 | |
көкөніс жеңіл ас консервілерімен | 50 | ||
лимон қышқылымен | 0,5 | ||
және қантпен | 15 | ||
томат, көкөніс шырынымен | 300 | ||
сиыр сүтімен | 100 | ||
18. | Кептірілген жемістер мыналармен алмастырылады: | 100 | |
қантпен | 75 | ||
және шаймен | 3 | ||
19. | Жеміс-жидек сығындысынан жасалған кисель концентраты мыналармен алмастырылады: | 100 | |
қантпен | 50 | ||
және шаймен | 2 | ||
20. | Табиғи кофе мыналармен алмастырылады: | 100 | |
ерітілетін кофемен | 40 | ||
кофе сусынымен | 200 | ||
какао ұнтағымен | 100 | ||
қара шаймен | 25 | ||
21. | Қара шай мынамен алмастырылады: | 100 | |
кофе сусынымен | 300 |
Ескертпе:* - Осы нормаларда сиыр сүтінің 100 грамы 100 миллилитрге есептелсін.
4 норма Дербес паек өнімдерін арнайы алмастыру нормалары
Р/с N | Өнімдердің атауы | Ауыстырылатын тамақ өнімдері | Ауыстыратын тамақ өнімдері |
Саны (граммен) | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
Бидай ұнынан жасалған галеттер мыналармен алмастырылады: | 300 | ||
бидай ұнынан жасалған кептірілген нанмен | 300 | ||
2. | Әр түрлі ет консервілері (100 грамм екі банкі) мыналармен алмастырылады: | 200 | |
ет-өсімдік консервілерімен | 250-265 | ||
консервіленген еті бар түстүкке арналған екінші тағаммен | 350 | ||
3. | Әр түрлі ет консервілері мыналармен алмастырылады: | 250 | |
ет-өсімдік консервілерімен | 500-530 | ||
консервіленген еті бар түстүкке арналған екінші тағаммен | 700 | ||
4. | ет-өсімдік консервілері мыналармен алмастырылады: | 250-265 | |
ет консервілерімен (100 грамм екі банкі) | 200 | ||
консервіленген еті бар түстікке арналған екінші тағаммен | 350 | ||
5. | Консервіленген еті бар түстүкке арналған бірінші тағам мыналармен алмастырылады: | 350 | |
ет-өсімдік консервілерімен | 152-133 | ||
консервіленген еті бар түстүкке арналған екінші тағаммен | 175 | ||
6. | Консервіленген еті бар түстүкке арналған бірінші тағам мыналармен алмастырылады: | 570 | |
ет-өсімдік консервілерімен | 250-265 | ||
консервіленген еті бар түстүкке арналған екінші тағаммен | 350 | ||
7. | Консервіленген еті бар түстүкке арналған екінші тағам мыналармен алмастырылады: | 350 | |
ет консервілерімен | 100 | ||
ет-өсімдік консервілерімен | 250-265 | ||
8. | Қант қосып қоюлатылған сүт мыналармен алмастырылады: | 110 | |
шақпақ қантпен | 90 | ||
9. | Шоколад мынамен алмастырылады: | 15 | |
шақпақ қантпен | 30 | ||
10. | Табиғи жеміс-жидек шырындары мынамен алмастырылады: | 140 | |
шақпақ қантпен | 30 | ||
11. | Шай (3 грамнан 1 пакет) мынамен алмастырылады: | 3 | |
шай (2 грамнан 2 пакет) | 4 |
Полная версия