Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қазандағы N 1082 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 17-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
кiрiспеде "Заңының" деген сөз "Заңын" деген сөзбен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң ережесiнде: 
мәтiндегi "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiндегі", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнiң", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзілімiндегі", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"аралас (өзен-теңiз)" деген сөздер алынып тасталсын; 
"жүзетiн кеме" деген сөздiң алдынан "өзен-теңiз суларында" деген сөздермен толықтырылсын; 
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеме - өзiнiң техникалық сипаттамалары бойынша жарамды әрi белгiленген тәртiппен теңiз және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мақсатында пайдалануға рұқсат етiлген кеме;"; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"кеме ипотекасы - мемлекеттік тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, iшкi суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалынып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы; 
қазақстандық жалдаушы - жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының  3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетiн жалдау шартының тарабы."; 
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"4. Кеменi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменiң мемлекеттік тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады. 
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық  заңнамасында  белгiленген тәртiппен алым алынады."; 
7-тармақтағы "органнан" деген сөз "органның" деген сөзбен, "рұқсат" деген сөз "шешiмiн" деген сөзбен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi