Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1509 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 31.03.2015 жылғы № 253 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 қарашадағы
 № 1509 қаулысымен
 бекітілген
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) II, III және өзге тобы бар жұмыскер – электр қауіпсіздігі бойынша II, III және өзге тобынан төмен емес жұмыскер;
2) бригада (наряд немесе нұсқау бойынша) – жұмыс атқарушыны немесе бақылаушыны қоса алғанда құрамында екі немесе одан көп адам бар бригада;
3) электр жеткізудің әуе желілері – ашық ауада орналасқан және инженерлік құрылыстарда (көпірлер, жол өтпелері және басқалары) тіреуіштеріне немесе кронштейндеріне және бағандарына оқшаулағыштар мен арматуралар арқылы бекітілген сымдар бойынша электр энергиясын беруге арналған құралдар;
4) бағытталған кернеу астындағы әуе желісі – жалпы ұзындығы 2 километрден кем болмайтын ӘЖ және барлық ұзындық бойымен немесе жеке бөлiмшелерiне ось қашықтықта 110 киловольт және одан жоғары кернеумен өтетiн ӘЖ және ӘЖС, м:
Полная версия
ИС BestProfi