1. Қоса беріліп отырған "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 07.12.2017
"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 796 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 05.12.2017 жылғы № 809 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.08.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 796 қаулысымен бекітілген
"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін, өрт туындаған жерді табуға, хабарлауға, өрт туралы ақпарат беруге, ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда (бұдан әрі - нысандарда) өртті сөндіруге арналған автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарына, өрт кезінде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелеріне қолданылады.
3. Осы Техникалық регламенттің күші:
1) көлік құралдарын (поездар, теңіз және әуе кемелерін) қорғауға арналған өрт сөндіру және өрт сигнал беру қондырғыларына;
2) тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарындағы автоматты өрт сөндіру, автоматты өрт сигнал беру жабдығы және өрт кезінде адамдарды хабарландыру мен эвакуациялауды басқару жүйелеріне;
3) зиянды заттардың шектік рұқсат етілген концентрациялары мен өндірістік орындар мен жарылыс өрт қауіпті объектілердің сыртқы алаңдарында жанғыш газдар мен бұлардың жарылыс қауіптілікке дейінгі концентрацияларының стационарлық газ сигнализаторлардың бергіштеріне;
4) технологиялық процестердің, автомат және қашықтық басқару жүйелері (басқару жүйелері), апатқа қарсы автомат қорғанышының жүйелері, сондай-ақ байланыс және апатты жағдайлар жөнінде хабарландыру, оның ішінде жабдықтары бар жинақтық жеткізілетін жүйелерге;
5) экстерриториалдықты пайдаланатын объектілерге таралмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы ", " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ", " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " Заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:
1) автоматты - белгілі бір жағдайларда адамның араласуынсыз жұмыс істейтін немесе орындалатын процестерді немесе құрылғыны сипаттайды;
Полная версия