Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсан N 329-I Заңы
Мәскеуде 1995 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртiбi мен олардың мәртебесi туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 1-құжат) (1999 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет)
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, бұдан әрi Тараптар деп аталады, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы Келiсiм және Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу Шарты /бұдан әрi жалға алу Шарты/ негiзiнде Тараптардың мүдделерiн ескерiп, осы төмендегi Келiсiмдi жасады.
1. Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi болып табылады. 
Қаланың аумағында "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектiлерi, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және басқа да қала тұрғындарына қажеттi тұрмыстық-коммуналдық және мәдени-әлеуметтiк жағдайлар туғызатын басқа да объектiлерi орналасқан. 
"Байқоңыр" кешенi жалға алынған кезеңде Ресей Федерациясымен қатынасында Байқоңыр қаласына объектiлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қауiпсiздiк қызмет етуiне, сондай-ақ азаматтардың тұру жағдайында айрықша тәртiптi Ресей Федерациясының федеральдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебе берiледi. 
2. Қалалық әкiмшiлiктiң ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттiк жалаулары тұрақты түрде көтерiлiп тұрады.
1. Қаланың шекарасы /қаланың шегi/ әкiмшiлiк басқару жүзеге асырылатын аумақты белгiлейдi. 
2. Қаланың шегiн белгiлейтiн ресми құжат болып Байқоңыр қаласының бас жоспары табылады.
3-бап. Байқоңыр қаласы жерiнiң құрамы және оны пайдалану
1. Қаланың шегiндегi барлық жер жерге меншiк құқықтары сақтала тұрып қала әкiмшiлiгiнiң қарамағында болады. 
2. Белгiлi бiр санатқа жатқызылған жердi нақты пайдалану, қаланың бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қала жерiнiң кейбiр жеке учаскелерiн пайдалануға ерекше тәртiп орнатылуы мүмкiн.
4-бап. Байқоңыр қаласының тұрғындарының құқықтары
1. Байқоңыр қаласының тұрғыны болып оның аумағында тұратын және Байқоңыр қаласының әкiмшілiгiнде тiркелген (жазылған) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Ресей Федерациясының азаматы танылады. "Байқоңыр" ғарыш айлағының тұрақты әскери қызметкерлерi /офицерлер, прапорщиктер/ және олардың отбасы мүшелерi Байқоңыр қаласының тұрғындарына жатады. 
Полная версия
ИС BestProfi