«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2015
Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 Қаулысы
Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2013 жылғы № 1088 Қаулысымен (29.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес «Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы» ҚР Қаржы министрінің 25.12.2014 жылғы № 585 Бұйрығын қараңыз
Редакция 11.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі есебіне және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2013 жылғы № 1088 Қаулысымен (29.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия