Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 05-02/205 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4935 болып енгізілді.
Редакция 08.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) және 10) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы   орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылдың 8   қыркүйектегі N 5 "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы   орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы"  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы N 254-255 (24508) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
6-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: 
"2) эмитенттермен ақпараттарды ашу тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және сауда-саттық ұйымдастырушысы мен листинг бастаушысы немесе эмитент арасында ақпарат ашу туралы келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады;".
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысымен (02.09.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан   Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдансын; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде   мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күндік мерзім ішінде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-на және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне хабар жеткізілсін; 
3) осы бұйрықтың ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының   бағыттаушы орынбасары Алдамберген А.Ө. жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы
Полная версия
ИС BestProfi