Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2005
Қазақстан Республикасы тұтынушылар қоғамы одағының (Қазтұтынуодағы) валюталық қорын құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 22 қыркүйек 1992 ж. N 790
Тұтыну кооперациялары кәсiпорындарының сыртқы экономикалық қажетiнiң одан әрi дамуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 716 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазтұтынуодағы ұйымдарының шетел әрiптестерiмен товар алмасу (баспабас) операциялары жөнiндегi экспортына салық салынбайтын болып белгiленсiн. 2. Қазтұтынуодағы ұйымдарының товар алмасу операцияларын бухгалтерлiк ресiмдеу кезiнде комиссиялық сыйақы сомасын қоса түсiмiнiң 100 процентi АLЕМ BANK KAZAKHSTAN есебiне аударылатын болсын. 3. Осы қаулы 1992 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Полная версия