«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1173 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес «Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 08.04.2015 жылғы № 277 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1173 қаулысымен бекітілген
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жүк жөнелтуші - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес мұнай мен басқа да сұйық көмірсутек шикізатын өндіруді Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі реттелетін қызметтерді пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;
2) мұнай тасымалдаушы ұйым - табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласында мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе теміржол эстакадасының меншік иесі;
3) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан және жанғыш жіктастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
4) магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты - мұнай тасымалдау ұйымы техникалық мүмкіндігін ескере отырып белгілеген магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының барынша жоғары өткізу қуаты;
5) СВОП-операциялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және белгілі бір жүк жөнелтуші магистральдық құбырға (магистральдық құбырдың учаскесіне) тапсырған мұнай көлемдерін ол немесе басқа жүк жөнелтуші импорттаған немесе Қазақстан Республикасы аумағының басқа өңірінде өндірген (олардың арасындағы қол жеткен жазбаша уағдаластық негізінде), бір мұнай тасымалдаушы ұйымға тиесілі басқа магистральдық құбырдағы (магистральдық құбырдың учаскесіндегі) мұнайды осындай көлемдерге айырбастау операциялары;
6) еркін өткізу қуаттары - жүк жөнелтушілер пайдаланбайтын магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты;
7) реттелетін қызметтер - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі көрсететін және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түріндегі қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) ұсынған жағдайды қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
8) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидада қамтылғаннан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібі
4. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда жүк жөнелтушілер арасында магистральдық құбыр мен теміржол эстакадасында қуаттарды бөлуды уәкілетті орган жүргізеді.
5. Магистральдық құбырлар бойынша мұнайды тасымалдау және (немесе) теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі реттелетін қызметтерді жүк жөнелтушілерге уәкілетті орган бекіткен мұнай тасымалдау, төгу/құю ай сайынғы кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес табиғи монополия субъектісі көрсетеді.
6. Кестені қалыптастыру үшін жүк жөнелтушілер мұнай тасымалдауға, төгуге/құюға арналған өтінімдерді уәкілетті органға есепті айдың басталуына дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн мерзімде ұсынады.
7. Кестелер есепті айдың басталуына дейін он күнтізбелік күн қалғанда бекітіледі және олардың тиісінше орындалуы үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарға жіберіледі.
8. Кестеге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган жүк жөнелтушіден түзетуге өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және олардың орындалуы үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарға жібереді.
9. Кестелерді, сондай-ақ кестелерге өзгерістер мен толықтыруларды мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растамасы болған жағдайда мұнай тасымалдаушы ұйым бекітеді. Мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растамасы мұнай тасымалдаушы ұйымдар уәкілетті органға оның сұрауы бойынша ұсынады.
10. Мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растама болмаған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жүкжөнелтушіні хабардар етеді.
11. Мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті орган кестені бекіткен күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде әрбір жүк жөнелтушіге кестелерден үзінді көшірме ұсынады. Мұнай тасымалдаушы ұйым кестеде бекітілген мұнайды тасымалдау, төгу/құю көлемдері мен бағыттарын сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.
12. Бір магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) еркін өткізу қуаты болған және басқа магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) өткізу қуаты болмаған жағдайда, мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүк жөнелтуші мұнай тасымалдаушы ұйымның және уәкілетті органның жазбаша келісімімен СВОП-операцияларын жүзеге асыра алады.
13. Есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті органға тасымалдаудың, төгудің/құюдың көлемі мен бағыттарын көрсетумен кестенің нақты орындалуы туралы есепті ұсынады.
Полная версия