Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2002
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 маусым N 856
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздер алынып тасталып, "конституциялық заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметті және Премьер-Министрді білдіруді әрі олардың мүдделерін қорғауды сот дауының мәнісі болған мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
Соттарда Үкіметі және Премьер-Министрді білдіру әрі олардың мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде Премьер-Министрді білдіру, прокурорлық назар аудару актілерін қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қойылатын талап-арыздар мен талаптарға мемлекеттік органдар дайындаған жауап-пікірлер жобаларын сараптамадан өткізу жекелеген жағдайларда Премьер-Министрінің шешімі бойынша Кеңсеге жүктелуі мүмкін.
Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін ресми түсіндіруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.";
17-тармақтың төртінші абзацының 3) тармақшасы "және/немесе үштен артық орталық атқарушы органның құзыретіне кіргенде" деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақта:
бірінші абзацта "нұсқаулыққа сәйкес" деген сөздерден кейін "жай қағаз парақтарында" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац "тілдерінде ұсынылады." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жобалар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын алмастыратын адамдармен келісілген жағдайда, бірінші басшының міндеттерін атқару жоба келісілген адамға жүктелгені туралы тиісті актілердің көшірмелері жобаға міндетті түрде қоса беріледі.";
19-тармақ "бірдейлігі" деген сөзден кейін "және жоба мәтінінің жазылу стиліне қойылатын талаптардың сақталуы" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта: 1-1) тармақша "Экономика" деген сөзден кейін "және сауда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды адамдарының санын көбейту көзделген жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығына сәйкес міндетті түрде Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.
Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсенің Басшысы қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын келісудің оңайлатылған тәртібін белгілей алады.";
21-тармақтың бірінші абзацында:
Полная версия