Близость слов: Окончание:





Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 179 Қаулысы
Редакция 19.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітілсін.
2. «2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
 
8-1. Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі 2010 жыл
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 9 наурыздағы
 № 179 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2010 № 733 Қаулысымен. (09.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с
Іс-шараның атауы Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері Болжамды шығыстар (мың теңге)
1 2 3 4 5 6
1 Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған кітаптар басып шығару Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі 2010 жыл бойы 017 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы 2999,36
2 Мұхамеджан Қаратаев туралы деректі фильм жасау және оны телеарналарда көрсету Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі 2010 жыл бойы 025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы 1600,0
3 Салтанатты жиналыс және Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін өткізу Алматы қаласының әкімі 2010 жылғы тамыз Жергілікті бюджет 1500,0
4 «Еске алу кеші» атты концерт ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2010 жылғы қазан 011 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы 3347,414
5 «Академик Мұхамеджан Қаратаев және XX ғасыр әдебиеттану ғылымы» атты ғылыми-теориялық конференция дайындау және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы желтоқсан Бюджеттен тыс қаражат 350,0

ЖИЫНЫ:

Республикалық бюджет 7946,774
Жергілікті бюджет 1500,0
Бюджеттен тыс қаражат 350,0
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 9 наурыздағы
 № 179 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2010 № 733 Қаулысымен. (09.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с
Іс-шаралар атауы Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Қаржыландыру көздері Болжамды шығыстар (мың теңге)
1 2 3 4 5 6
1 «Географиялық қоғам бөлімшесінің жазбаларындағы Г.Н. Потаниннің мақалалары» тақырыбына көрме (ретро-шолу) өткізу Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2010 жылғы шілде Жергілікті бюджет 40,0
2 Павлодар қаласында Г.Н. Потаниннің барельефін дайындау және оны Тарихи өлкетану мұражайы ғимаратының алдына орнату Павлодар облысының әкімі 2010 жылғы қыркүйек Жергілікті бюджет 3500,0
3 «Г.Н. Потанин және Ш. Уәлиханов: өмірдей ұзақ саяхат» тақырыбына көрме өткізу Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2010 жылғы қыркүйек Жергілікті бюджет 30,0
4 Г.Н. Потаниннің туғанына 175 жыл толуына арналған салтанатты кеш және көрме өткізу Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2010 жылғы қыркүйек 011 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» республикаық бюджеттік бағдарламасы 2605,2
5 «Г.Н. Потанин. Қордың құжаттық коллекциясы» көрмесін ұйымдастыру және өткізу Павлодар облысының әкімі 2010 жылғы қазан Жергілікті бюджет 300,0
6 Г.Н. Потаниннің 175 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру және өткізу. Конференцияның қорытындылары бойынша материалдар жинағын басып шығару Павлодар облысының әкімі 2010 жылғы қазан-қараша Жергілікті бюджет 1050,0
7 Г.Н. Потаниннің таңдамалы шығармалары жинағын басып шығару Павлодар облысының әкімі 2010 жылғы қараша Жергілікті бюджет 1000,0

ЖИЫНЫ:

Республикалық бюджет 2605,2
Жергілікті бюджет 5920,0
Полная версия
ИС BestProfi