Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
"Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1585 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
1. «Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 514-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1585 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген
Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2001 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ-база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.
2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау
3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
Техникалық қадағалауды ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі — аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.
Полная версия