Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 тамызда № 7873 тіркелді
#$Қолданушылардың назарына! Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 242 (26303) «Казахстанская правдада»; 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 243 (26304) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«2) амортизация – пайдалы қолдану мерзiмi iшiнде активтiң амортизацияланатын құнының жүйелi бөлiнуi;»;
«5) ақшалай (монетарлы) баптар – қолдағы бар валюта бірліктері, сондай-ақ валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санында көрініс тапқан алуға немесе төлеуге жататын активтер мен мiндеттемелер;»;
«6) ақшалай балама – ақша қаражатының белгiлi бiр сомасына оңай айырбасталатын және құнының өзгеруiнiң елеусiз тәуекелiне ұшырайтын қысқа мерзiмдi, жоғары өтiмдi инвестициялар;»;
«7) активтiң өтелетiн құны – сатуға және оның пайдалану құндылығын жұмсалатын шығындарды шегере отырып, активтiң әдiл құнының ең көп мәнi;»;
«8) активтiң құнсыздануы – амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;»;
«12) активтi алмастыру құны – активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн;»;
«19) белсендi нарық – мынадай шарттардың барлығы орындалатын нарық:
нарық айналымындағы тауарлар бiртектi болып табылады;
Полная версия