Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 Қаулысы
Осы редакция 03.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қоса берiлiп отырған Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 24 қаңтардағы
 N 51 қаулысымен
 бекітiлген
Бөлiнбейтiн іpi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді 
 Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды 
 ұйымдастыру және жүзеге асыру 
 ЕРЕЖЕСI 
1. Осы Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Автомобиль көлігi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегi, " Автомобиль жолдары туралы " 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiне, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көліктің тiзбесiне (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi), "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер" туралы 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi. 
2. Ереже автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдары арқылы және қалалар мен елдi мекендердің көшелерi арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн реттейдi. 
3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: 
1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль; 
2) iлесiп жүру автомобилi - жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына автомобиль жолдарымен iлесiп жүретiн, тиiстi тану белгілерi бар жол полициясы органдарының ақысыз негiзде ұсынатын патрульдiк автомобилi; 
3) бақылаушы органдар - өздерiнiң Қазақстан Республикасының   заңнамасымен   белгiленген құзыретi шегінде жол қозғалысы қауiпсiздігінiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi аумақтық басқармаларының тиiстi жол полициясы органдары (бұдан әрi - жол полициясы органдары) және (немесе) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінiң аумақтың органдары (бұдан әрi - аумақтық көлiктік бақылау органдары); 
4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат; 
5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы; 
6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк; 
7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал; 
Полная версия
ИС BestProfi