Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
«Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 902 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iлесiп жүру автомобилi – жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына автомобиль жолдарымен iлесiп жүретiн, тиiстi тану белгiлерi бар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлімшілерінің (бұдан әрi - жол полициясы) ақысыз негiзде ұсынатын патрульдiк автомобилi;
3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, жол полициясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
12) iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым – Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көлiктiң басқа түрлерiмен тасымалдау мүмкiн болмаған және орынсыз жағдайда ғана рұқсат етiледi.»;
«6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкiлеттi орган берген осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы рұқсат пен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін тасымалдаушы уәкiлеттi органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелер басшыларының шешімімен бекітіледі.
Полная версия
ИС BestProfi