Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және республикаға импортталатын тауарлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай келуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2009
Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.12.2009 № 2071 Қаулысымен (19.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 19.08.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын:
1) тауардың атауы мен шыққан елі туралы;
2) дайындаушы туралы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы;
3) сақтау жағдайлары туралы, қолдану тәсілі мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттары болмаса, республика аумағында сатуға тиым салынсын.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай болуы тиіс.
Тауар туралы жоғарыда көрсетілген ақпараттың болуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға шығару үшін тауар өндіретін немесе оны әкелуді жүзеге асыратын тұлға жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына тауар жеткізіліміне арналып жасалған келісімшарттар (шарттар) осы тармақтың талаптарын қамтамасыз етілуді көздейтін ережелерді қамтуы тиіс.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.01.2000. № 121 Қаулысымен.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.01.2000. № 121 Қаулысымен).
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.08.2008 № 760 Қаулысымен). (24.01.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне:
1) тауарларды сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болуын бақылауды күшейтсін;
2) тауарларды сатудың белгіленген тәртібінің бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын;
3) осы қаулының талаптарына сай келмейтін және сертификаттауға ұсынылған тауарларды есепке алу жөніндегі деректердің банкін жасасын және мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар сұраған кезде аталған банктегі ақпараттармен қамтамасыз етсін;
4) өз құзыретінің шегінде осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2008 № 760 Қаулысымен. (24.01.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 523 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 170-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Полная версия