Близость слов: Окончание:





Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7444 тіркелді
Редакция 12.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редкцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1438 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған нотариустың үй-жайы талаптары бекiтілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2012 жылғы 31 қаңтардағы
 № 29 бұйрығымен
 бекітілген
1. Осы Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редкцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1438 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Нотариустың үй-жайы аумақтық нотариаттық палатамен белгілеген аумақ шеңберінде орналасуы тиіс.
2-тармақ жаңа редкцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1438 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нотариус үй-жайының оған белгілеген аумақтан тыс орналасуына жол берілмейді.
3. Нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асыратын бір ғана үй-жайы болады.
Бір үй-жайда бір немесе олар Заңның 15-бабы 4-тармағына талаптарын және осы Талаптарды сақтаған жағдайда бірнеше нотариустар жұмыс істей алады.
4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, көлік жанармай станцияларында, көлік жуу орындарында, монша кешендерінде, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде, сауда орталықтары (дүкендер), базарларда (автокөлік базарында), контейнерлерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 10.10.2012 жылғы № 342 Бұйрығымен (31.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2012 жылы № 739-743 (27815) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (05.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ғимараттың кіретін жерінде осы ғимаратта нотариустың бар екендігі және оның жұмыс тәртібі туралы ақпарат орналастырылады.
5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинеттен, сонымен қатар келушілер күтетін нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлмелерден (холл) тұрады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 10.10.2012 жылғы № 342 Бұйрығымен (31.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2012 жылы № 739-743 (27815) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 05.04.2013 жылғы № 111 Бұйрығымен (10.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.02.2016 жылы № 39 (28771) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (05.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке бөлме болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
Нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлек бөлме болған жағдайда, жоғалуға жол бермеу және нотариаттық іс жүргізуге дер кезінде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, келесі жағдайлар:
үй-жайында (бөлмеде) газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиіс;
үй-жайдың (бөлменің) сыртқы есіктеріне металл парақ қағылады және берік ысырмалары болады;
күзет және өртке қарсы жүйелері болуы тиіс. Орналасуы сырттан кіруге мүмкіндік беретін терезелерге металл торлар орнатылады.
істерді сақтауға және орналастыруға негізгі сақтау құралдарының болуы: стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады. Олар оттан қорғайтын құралдармен өңделген кезде ағаш стеллаждарды қолдануға рұқсат етіледі. Құжаттарды сақтаудың қосалқы құралдары ретінде металл шкафтар, сейфтер қолданылады;
Құжаттардың түрлеріне, форматына және басқа да сыртқы ерекшеліктеріне сәйкес сақтаудың алғашқы қорғау құралдарын (мұрағат қораптарын, папкаларды, арнайы қаптарды, пакеттерді) пайдалана отырып орналастырылады;
жарық режимін үнемдеуді сақтау (жасанды немесе табиғи). Табиғи жарық терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілері, перделер немесе боялған әйнектерді қолдану арқылы шашыраңқы жарық ретінде түсірілуге рұқсат етіледі. Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын шамдар қолданылады. Жарық шұғылыса ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминисцентті лампалар қолдануға рұқсат етіледі;
температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимін сақтау құрылады.
Нотариустың үй-жайы басқа нотариуспен бір офис үй-жайында орналасқан жағдайда нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын кабинеттер мен нотариаттық өндірісті сақтауға арналған үй-жай саны нотариустардың саны бойынша болуы тиіс немесе нотариаттық іс өндірістерінің бір бөлмеде бөлек құлыптанатын темір шкафтарға сақталынуына жол беріледі.
Нотариаттық іс өндірісін келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) сақтауға жол берілмейді.
Құжаттарды еденге, терезе алдына, тепкішек алаңдарына немесе реттелмеген бумаға қоюға жол берілмейді.
6. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға арналған кабинет нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (05.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кабинет мөрді, мөртабан, нотариустың арнайы бланкілерін сақтайтын сейфпен жабдықталады.
Келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) ыңғайлы көрінетін жерде нотариус, қабылдау кестесі, аумақтық нотариаттық палата туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны), нотариаттық іс-әрекетті жасау үшін заңда белгіленген тарифтер, тарифті төлеу жөнінде заңмен белгіленген жеңілдіктерге қатысты азаматтар санатының тізбесі және нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін төленетін мемлекеттік баж туралы ақпарат орналасуы тиіс.
7. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 жылғы № 314 Бұйрығымен (05.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Жекеше нотариус үй-жайдың сақталуын қамтамасыз ету және мүліктің ұрлануының немесе жоғалуының алдын алу мақсатында үй-жайға жұмыстан тыс уақытта қол жеткізуді болдырмау, нотариаттық іс өндірісінің сақталуы, нотариустың мөрі мен бланкілерінің сақталуы жөнінде шараларды қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және күзететін ғимараттарда құжаттарды сақтау үшін үй-жайды жалға алған кезде жалға алынған үй-жай күзетпен және өртке қарсы сигнал беру жабдығымен қамтамасыз етіледі.
9-тармақ жаңа редкцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1438 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi